ЕҰУ – ұлттық студенттер лигасының тұңғыш чемпионы!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ұлттық студенттер лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Астана-Арена» стадионында өткенфиналдық кездесуге 7000-ға жуық жанкүйер жиналды. Құрметті қонақтар қатарында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚФФ президенті және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, ҚФФ бас хатшысы Аллен Шайжүнісов, кәсіби футбол лигасының төрағасы Олжас Абраев және ҚФФ вице-президенті Сейілда Байшақов болды. Ал танымал әнші Қайрат Нұртас келген көрермендерге ән шашуын тартты.

Ойынның екінші минутында елордалық команда сапынан алғашқы голды Ислам Ахметов соқты. Бес минут өтісімен Руслан Сандыбаев екінші мәрте қарсыластарының қақпасынан саңылау тапты. Шабуылға қатты беріліп кеткен алматылықтар қорғанысты бір сәтке ұмыт қалдырып еді, қарсыластары мұны сәтті пайдаланып кетті. Қорытынды есеп 2:0 елордалық команда пайдасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или