Бахтияровтың командасына техникалық жеңіліс жазылды

Бахтияровтың командасына техникалық жеңіліс жазылды

«Сочи» футбол клубына Ресей Премьер лигасы 30-туры аясындағы «Крылья Советовқа» қарсы кездесуіне техникалық жеңіліс жазылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей Футбол Одағының (РФС) Тәртіптік-бақылау комитеті осындай шешім шығарды. Бұл туралы аталған комитеттің басшысы Артур Григорянц мәлімдеді.

Бұл РПЛ-дің соңғы турындағы ойын болатын. «Сочи» команда құрамындағы ойыншылардан коронавирус анықталуына байланысты, матчқа қатыспады. Соңғы турдағы техникалық жеңіліске қарамастан «Сочи» турнирлік кестеде 12-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, «Сочи» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или