«Астананың» екі тәрбиеленушісі клуб құрамына оралды
Жазғы трансферлік терезе кезінде «Астана» бапкерлер құрамының қабылдаған шешімімен клубтың екі тәрбиеленушісі - жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев пен шабулшы Рамазан Каримов команда сапына қайта оралды.
<span>Екі футболшы да маусымның алғашқы бөлігін «Каспий» сапында жалда өткізді. Қазақстан чемпионаты екі рет үзілгендіктен, олар ақтаулық клуб сапында екі ойынға ғана қатысты.</span>
<span>Қазіргі уақытқа дейін 21 жастағы Каримов «Астана» жейдесінде үш ойын өткізіп, бір гол соққан. Ал 20 жастағы Сағнаев елорда командасы сапында 8 ойын өткізген. </span>
<span>Айта кетейік, Михал Билектің бапкерлер құрамы екі футболшының да мүмкіндіктерін өте жақсы біледі. Себебі, Каримов пен Сағнаев қысқы оқу-жаттығу жиынын астаналық команда сапында өткізген болатын.</span>