«Зенит» «Спартактың» 1999 жылғы рекордын қайталады
Биылғы маусымның соңғы турында «Зенит» «Ростовты» сырт алаңда жеңді (2:1), деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, Ресей чемпиондары осы маусымда 72 ұпай жинап, «Спартактың» 1999 жылы орнатқан Ресей чемпионаттарының рекордын қайталады.
2019/20 маусымында «Зенит» 22 кездесуде жеңіске жетіп, 6 рет тең түсті және екі рет жеңіліс тапты.
Еске сала кетелік, «Зенит» қатарынан екінші рет чемпион атанды, ал жалпы саны 6 рет Ресей чемпионатының жеңімпазы болып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или