«Астана» клубының бұрынғы жаттықтырушысы жұмыс іздеп жүр
«Астана» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Роман Григорчук қандай ұсыныс күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Tribuna.com сайтына сілтеме жасап.
«Қазір баспен көбірек жұмыс істеуге, барлығын талдап, жүйелеуге, оқуды жалғастыруға көп уақыт бар. Егер мен «Астанадан» кеткен сәттен бастап күрделі таңдау жасағым келсе, міндетті түрде осындай жұмысқа кірісер едім.
Бірақ әзірше ұсыныстар орташа болып тұр. Сондықтан мен арманым - Чемпиондар лигасының тобында ойнау үшін осындай нұсқаны күтемін деп шештім. Мен еуропалық жарыстарда міндетті түрде ойнауды мақсат етіп қойған командада жұмыс істегім келеді. Бұл дұрыс шешім болар еді. Жағдайға қарай алда не боларын көреміз», – деді Григорчук.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или