Зайнутдиновтың әріптесі: Бүгін жеңеміз деп үміттенемін
«Ростов» қорғаушысы Алексей Козлов РПЛ-дың 30-турындағы «Зенитпен» өткен матчтың бірінші таймы (1: 0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Екі командаға да қиын және өте қызықты матч өтіп жатыр. Біз сәл басқаша жүйеге дайындалдық. Бірақ бірінші болып гол соқтық. Төртінші орынға ие болу мүмкіндігі әлі де бар. Бұл матчта жеңіске жетеміз деп үміттенемін», - деді Козлов клубтың баспасөз қызметіне.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или