Францияда қара нәсілді футболшыға шабуыл жасалды
"Брест" қорғаушысы Ронаэль Пьер-Габриэльге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгісіз біреулер футболшыны ұрып, көлігін өртеп жіберген.
«Клуб болған оқиғаны айыптайды және Ронаэлді қолдайды. Оның қаламызға көшіп келгеніне екі апта болды. Мұндай жайт біздің қалада болмауға тиіс», - делінген клубтың Facebook-тегі ресми парақшасында.
22 жастағы Пьер-Габриэль 15 шілдеде "Брестке" "Майнцтен" жалға ауысып келген. Ол бұған дейін "Сент-Этьен»" және "Монако" клубтарында да доп тепті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или