Роналду ресми ойындардағы голдар бойынша екінші орынға шықты

Роналду ресми ойындардағы голдар бойынша екінші орынға шықты

«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми ойындардағы гол саны бойынша екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Журналист Танкреди Палмери Твиттер-акаунтында статистика жариялады. Онда португалиялық футболшы екінші орында тұр. Ол бразилиялық Ромариомен теңесті. Екеуі де ресми матчтарда қарсылас қақпасына 734 гол соққан.

Бірінші орында Пеле тұр. Бразилиялық шабуылшы карьерасында 767 гол соққан.

Айта кетейік, «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси рейтингінде бесінші болып тұр. Оның еншісінде 716 гол бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или