Ресми: «Каспий» ойыншысы «Шахтерге» ауысты
«Шахтер» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркін Тапаловпен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
26 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда маңғыстаулық «Каспий» сапында екі ойынға қатысты.
Еркін Тапалов мансабын 2011 жылы оралдық «Ақжайық» сапында бастаған. 2019 жылы ол талдықорғандық «Жетісуда» өнер көрсетті.
Премьер-лигада жалпы 96 матчқа қатысып, 1 гол соққан.
Еркін Тапалов
Туған жылы: 1993 жылғы 3 қыркүйек<br />Бойы: 180 см<br />Салмағы: 74 келі<br />Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы<br />Азаматтығы: Қазақстан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или