Қазақстандық футболшының командасы жеңіске жете алмады
Қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов Латвия чемпионатында бақ сынайтын «Валмиера» сапындағы кезекті ойынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Жоғарғы лиганың тоғызыншы турында оның командасы сырт алаңда «Метта» командасымен 2:2 есебімен тең тарқасты.
Айта кетерлігі, «Валмиера» жеті ойын бойы жеңілген жоқ. Қазір 15 ұпаймен турнирлік кесетеде үшінші орында тұр.
Самат Сәрсенов алаңға негізгі құрамда шығып, 51-минутта ауыстырылды.
Айта кетейік, 23 жастағы Сәрсенов латвиялық клубқа ақпанның басында «Тараздан» ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасында ол 23 матч өткізіп, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или