«Қайсар» Еуропа лигасына дайындықты бастады
Қазақстан кубогының иегері «Қайсар» футбол клубы жаттығу жұмыстарын бастады, деп жазады Prosports.kz.
Қызылордалық клуб Еуропа лигасының 2020/21 жылғы маусымына дайындықты Шымкенттегі «БИІК» спорттық сауықтыру орталығында өткізіп жатыр.
Айта кетейік, Еуропа лигасының іріктеу кезеңі 20 тамызда басталады. Оған қазақстандық үш клуб қатысады. Олар: алматылық «Қайрат», шымкенттік «Ордабасы» және қызылордалық «Қайсар».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или