Испания чемпионатының үздіктер құрамасы анықталды
Испания Ла лигасының 2019/20 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.
Коронавирусқа байланысты ұзақ үзілістен кейін 14 маусымда қайта жалғасқан Испания чемпионаты<span> 20 шілдеде аяқталды. </span>
<span>Маусым қайта жанданған соң үздік өнер көрсеткен «Реал Мадрид» чемпион атанды. </span>
<span>Жақында Marca басылымы Ла лиганың биылғы маусымдағы үздіктер құрамасын (символикалық құрам) жариялады. Бұл тізімге чемпион болған «Реал» командасының төрт ойыншысы енді. </span>
Қақпашы: Тибо Куртуа («Реал»);
Қорғаушылар: Диего Карлос («Севилья»), Серхио Рамос («Реал»), Фелипе («Атлетико»);
Жартылай қорғаушылар: Каземиро («Реал»), Санти Касорла («Вильярреал»), Лукас Окампос («Севилья»), Мартин Эдегор («Реал Сосьедад»);
Шабуылшылар: Жерар Морено («Вильярреал»), Карим Бензема («Реал»), Лионель Месси («Барселона»).
