Криштиану Роналду рекорд жаңартты
Италия А сериясының 34-туры аясында «Ювентус» өз алаңында «Лационы» 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Осы ойында екі гол соққан «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекорд жаңартты.<br /><br /><span>«Лациоға» қарсы ойында Роналду Италия чемпиионатында соққан голдар санын 51-ге жеткізді (биылғы маусымда 30 гол). Осылайша португалиялық футболшы Англия Премьер лигасында, Испания Ла лигасында және Италия А сериясында 50 немесе одан да көп (50+) гол соққан алғашқы ойыншы атанды. </span>
<span>Бірақ үш ірі чемпинатта 50-ден көп гол соққан ойыншы жалғыз Роналду емес. Бұған дейін босниялық шабуылшы Эдин Джеко Германия Бундеслигасында, Англия Премьер лигасында және Италия А сериясында 50+ гол соққан. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или