Ресми: Исламбек Қуаттың командасы РПЛ-дан шығып қалды

Ресми: Исламбек Қуаттың командасы РПЛ-дан шығып қалды

Ресей футбол одағындағы ақпарат көздерінен белгілі болғандай, РФФ атқарушы комитеті 2020/2021 маусымда чемпионатағы командалар санын 18-ге көбейту мәселесін қарастырмайды.

Осылайша, келесі маусымда Ресей чемпионатында 16 команда өнер көрсетеді.

Бұған дейін «Оренбургтың»  бас бапкері Константин Парамонов лиганы 16-дан 18 клубқа дейін кеңейтуді ұсынған болатын, соның арқасында оның командасы элиталық дивизионда қалуға рұқсат ала алады.

Маусым қорытындысы бойынша чемпионатта соңғы, 16-орын алған «Оренбург» РПЛ-дан шығып қалды. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Исламбек Қуат «Оренбургта»  ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или