Олжас Абраев: Ел чемпионатын жалғастырудың кез келген жолын қарастырудамыз

Олжас Абраев: Ел чемпионатын жалғастырудың кез келген жолын қарастырудамыз

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футбол маусымын жалғастыруға дайындық мақсатымен Шымкент қаласындағы спорттық кешендерді арнайы тексерістен өткізді.

- Бұл стандартты тексеріс, себебі шымкенттік стадиондардың алаң сапасы бізге белгілі. Ел ішінде орын алған жағдайға байланысты ҚКФЛ Әкімшілігі футбол маусымын жалғастырудың барлық жолдарын қарастыруда, сол себептен Шымкент қаласының қазіргі уақыттағы логистикалық мүмкіндіктерді зерттеу біз үшін маңызды болды.

Шымкент көп көлемде футбол командаларын қабылдауға дайын ба? Қаладағы стадиондардың инфрақұрылымы тікелей көрсетілімдерді ұйымдастыруға қолайлы ма?  Тексеріс барысында жиналған ақпарат ҚКФЛ Әкімшілігімен өңделеді де, Лига ойластырып жатырған маусымды жалғастырудың жобаларында қарастырылады, - деді ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или