ҚПЛ қайта жанданатын уақыт белгіленді
Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымы 3 тамыз күні қайта жалғасын табады, деп жазады Prosports.kz сайты.
Бұған дейін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев біздің басылымға берген сұқбатында ел чемпионатының алдағы туры Алматы мен Талғардағы спорт кешендерінде өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстан чемпионаты биыл екі мәрте тоқтады. Шілде айында қайта жанданған соң елдегі карантин шарасы күшейтілгеніне байланысты қайта тоқтатылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или