Қазақстанда жазғы трансферлік кезең ашылды
Қазақстанның кәсіби футбол лигасы екінші трансферлік тіркеу кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
Биылғы трансферлік кезең 20 шілдеден 9 тамызға дейін ашық болады.
Айта кетерлігі, FIFA келісімі бойынша, қазіргі трансферлік кезеңнен бір апта шартты түрде 2021 жылғы көктемгі трансфер терезесіне ауыстырылды. Егер 2020 жылғы маусым белгіленген мерзімде аяқталмайтын болса, жазғы трансферлік кезңнен алынған бір апта іске қосылатын болады.
Осылайша, Қазақстанда жазғы трансферлік 21 күн болып бекітілді (20 шілде- 9 тамыз).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или