Ресми: 2020 жылғы «Алтын доп» жүлдесі ешкімге берілмейді
France Football журналы 2020 жылы «Алтын доп» сыйлығы берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған бүкіл әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы себеп болып отыр. Індеттің салдарынан көптеген елде футбол матчтары қалыпты жағдайда өтпеді, кей елде маусым мерзімінен бұрын аяқтады. Осындай ерекше жағдайға байланысты «Алтын доп-2020» жүлдесі ешкімге берілмейді.
Айта кетейік, сыйлық 1956 жылдан бастап дәстүрлі түрде беріліп келе жатқан. Биыл алғаш рет бұл жүлде ешкімге берілмейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или