Серхио Рамос рекорд жаңартты

Испания чемпионатының 38-туры аясында «Реал Мадрид» сырт алаңда «Леганеспен» 2:2 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.
Осы ойында «Реал» қорғаушысы Серхио Рамос рекорд жаңартты.
Мадридтік клубтың капитаны «Леганес» қақпасына бір гол соғып, 2019/20 жылғы маусымда Ла лигада соққан голдар санын 11-ге жеткізді. Бұл - қорғаушылар арасында ХХІ ғасырдағы ең үздік көрсеткіш.
Бұрын осыған бұл рекорд «Хетафе» ойыншысы Мариано Перниге тиесілі болатын. Ол 2005/06 жылғы маусымда 10 гол соққан.
11 - @realmadriden's Sergio Ramos has scored 11 goals in @LaLigaEN 2019/20, the most by a defender in a single season in the 21st century (Mariano Pernía, 10 for Getafe in 2005/06). Captain. pic.twitter.com/POhxClToF2
— OptaJose (@OptaJose) July 19, 2020
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или