Күз-2014. Жартылай финалистер анықталды

«Астана-Арена» стадионында Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңіне шыққан командалар арасындағы топтық кезеңнің ойындары аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ойыншылары Абай атындағы ҚазҰПУ командасын 3:0 есебімен ұтып, жартылай финал жолдамасын иеленген алғашқы команда. Алматыдан келген құрама сапынан Сұлтан Бауыржанұлы екі, ал испаниялық Педро Визуэтэ бір гол соқты.

Екінші алаңда С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Назарбаев Университеті арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталып, бұл ойында алматылықтар ұпай санымен алға шықты.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Қаржы полициясы академиясы арасындағы ойын тартысты кездесулердің бірі болды. Еуразия Ұлттық университетінің өкілдері бесінші минутта есеп ашса, Академия студенттері көп ұзамай таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына бір минут қалғанда ЕҰУ ойыншысы Есен Мұнтынов гол соғып, кездесу тағдырын шешті. Осылайша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің спортшылары жартылай финалға өтті.

Жартылай финалға жолдама алған төртінші команда – ҚазАТУ құрамасы. Олар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУмен өткен ойында допты бірінен соң бірін қақпаға тоғытып, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді. Алматыдан келген екі жоғарғы оқу орнының арасындағы ойын 6:3 есебімен аяқталды.

Екінші ойын күнін 5-6 және 7-8 орын үшін өтетін ойындар өтті. ҚазҰПУ футболшылары Назарбаев Университеті құрамасын 7:2 есебімен ұтып, алғашқы турнирді бесінші орында аяқтады. Ал, Қаржы полициясы академиясы мен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ арасында жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды. Екі команда негізгі уақтта 2:2 есебімен тең түсті. Қосымша уақытта да командалар шабуылдарын үдете түскенімен, таблодағы есеп өзгермеді. Пенальти сериясында Қаржы полициясы академиясы 7:6 есебімен басым түсті.

Жартылай финал ойындары 29 қараша күні өтеді. Сағат таңғы 9:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ кездессе, ҚазҰАУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ арасындағы ойын 10:00-де басталады.

Финал 29 қараша күні сағат 13:30-да «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Ұлттық студенттер лигасының жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы Кубок, медаль мен мақтау қағаздарынан бөлек 2014/2015 футбол маусымының басты ойындары УЕФА Чемпиондар лигасы (6 маусым, Берлин), УЕФА Еуропа лигасы (27 мамыр, Варшава), сонымен қатар, УЕФА Суперкубогы (12 тамыз, Тбилиси) кездесулерін тамашалауға мүмкіндік беретін жолдамаларын иеленеді.

Еске сала кетейік, Ұлттық студенттер лигасының финалын «KAZsport» телеарнасы 30 қараша күні сағат 23:50-де көрсетеді.

kazsport.kaztrk.kz cайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или