АПЛ: «Тоттенхэм» «Лестерді» ұтты
Ағылшын премьер-лигасының 37-туры аясында «Тоттенхэм» «Лестер» қақпасына жауапсыз үш доп соқты.
<span>Лондондық команда алғашқы 40 минутта жеңісті қамтамасыз етті. Харри Кейн екі мәрте қарсылас қақпасын нәтижелі көздесе, қонақтар ойыншысы Джастин автогол авторы атанды. Екінші тайм голсыз аяқталды. </span>
<span>«Тоттенхэм» осы жеңістен кейін 58 ұпай жинап, 6-орынға көтерілді. «Лестер» болса Чемпиондар лигасына жолдама беретін орыннан тур қорытындысы бойынша түсіп қалуы мүмкін. Брендан Роджерс командасы бесінші орындағы «Манчестер Юнайтедтен» қосымша көрсеткіштер бойынша жоғары тұрғанымен, манчестерліктер 37-турдағы ойынын әлі өткізген жоқ. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или