Мәскеулік «Спартактың» екі ойыншысы коронавирус жұқтырып алды
Мәскеудің «Спартак» жастар құрамасының екі футболшысы коронавирус инфекциясын жұқтырып алды, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Дереккөздің айтуынша, қақпашылар Андреа Романьоли мен Александр Алексеевке коронавирус диагнозы қойылған. Мәскеу клубының массажшыларының бірі де жұқтырған.
Бұған дейін жас футболшылар негізгі құрамның ойыншыларымен байланысқа шықпағаны туралы хабарланған болатын, сондықтан «Спартак» пен «Зенит» арасындағы Ресей кубогының жартылай финалынан бас тарту қаупі жоқ.
Матч бүгін, 19 шілдеде Санкт-Петербургте өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или