Португалия құрамасының ойыншысы коронавирус жұқтырды
Португалия құрамасы мен «Лилль» клубының жартылай қорғаушысы Ренату Саншеш коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.
Команда бас бапкерінің айтуынша, Ренату қазір өз отанында ем қабылдап жатыр. Францияға індеттен толық айыққаннан кейін ғана оралады.
Саншештен бөлек «Лилль» клубының тағы екі ойыншысынан Covid-19 анықталды. Олар - Жонатан Иконе мен Жонатан Бамба.
Айта кетейік, Ренату Саншеш бұған дейін «Бавария» сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ, 2016 жылы Поругалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или