Чемпиондар лигасы. «Барселона» мен «Наполи» қайда ойнайды
УЕФА вице-президенті Мишель Ува коронавирус ауруы туындаған жағдайда Чемпиондар лигасындағы «Барселона» мен «Наполи» арасындағы матчқа байланысты, ұйымның төтенше жағдайлар бойынша жоспары бар екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Егер Испанияда футбол матчтарына тыйым салынбаса, «Наполи» Барселонада ресми түрде ойнайды.
Бірақ, әрине, резервтік жоспарымыз бар», - деді Ува.
Испанияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсімі байқалады. 6 мен 12 шілде аралығында бір апта ішінде жаңа жұқтырғандар саны 3 897 адам, осы аптаның бес күнінде - 4 983 адамға жеткен.
«Барселона» мен «Наполи» арасындағы ойын 7 немесе 8 тамызда «Камп Ноуда» өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или