Мадридтік «Реал» ойыншыларының жаңа маусымда қандай жейде киетіні белгілі болды

Мадридтік «Реал» ойыншыларының жаңа маусымда қандай жейде киетіні белгілі болды

Интернетте «Реалдың» 2020/21 маусымда өз алаңында ойнағанда киетін жаңа жейдесінің суреттері пайда болды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жейде дәстүрлі ақ түсте жасалынған. Бүйірлерінде тік қызғылт жолақтары бар

Айта кету керек, форманың прототипі мамырда пайда болған еді, бірақ онда жеңінде жолбарыс өрнекті қызғылт және қара түсті жазулар бар. Ал ресми нұсқада жоқ.

«Реал» ойыншылары бұған дейін бір рет (2014/15 маусымда) қызғылт түсті элементтер қолданылған форма киген еді.

Еске салайық, корольдік клубтың техникалық серіктесі <span>– Adidas </span>компаниясы.

Фото:<span> </span>Footy Headlines

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или