Лидсте Марсело Бьелса атындағы көше пайда болады
Лидс билігі жергілікті клуб жаттықтырушысы Марсело Бьелсаға команданы Премьер-лигаға алып шыққаны үшін алғыс білдірудің әдісін тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sky Sports хабарлағандай, қаладағы орталық көшелердің біріне 64 жастағы аргентиналық маманны аты беріледі.
Айта кетелік, аргентиналық маман «Лидсті» 16 жылдан кейін Премьер-лигаға шығарып отыр.
Бьелса «Лидс» командасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Аталған клуб өз тарихында Футбол лигасының бірінші дивизионында үш рет және екінші дивизионда үш рет чемпион болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или