«Мықты қарсыласпен кездесеміз». Нұрдәулетов Черногориямен жолдастық матч жайлы
Қазақстан футбол федерациясы мен Черногория Футбол одағының бас хатшылары Азамат Айтхожин мен Момир Джурджевац<span> </span> тараптардың жолдастық матч өткізуге деген ниетін ресми түрде растады, деп жазады Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
«Жоспарланғандай, бұл кездесу үстіміздегі жылдың 11 қарашасында Подгорицада өтеді. Менің ойымша, біз мықты қарсылас таңдадық. Черногорияның ұлттық құрамасы қатаң еуропалық стандарттар бойынша тұрақты және әдемі футбол көрсетеді. Өзінің ерекше ойын стилі бар. Әрине, бұл оңай ойын болмайды.
Осыдан кейін Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 15 қарашада өтетін матчына Албанияға аттанады. Жалпы, біз ең сәтті шешімді таптық деп үміттенеміз. Черногория мен Албания географиялық жағынан бір-біріне жақын орналасқан.
Өкінішке орай, пандемия жарыстың нақты уақытын қысты. Әр қадамды есептеу керек, бірақ келесі жолдастық кездесулер де қажет. Біз екі жолдастық кездесу жоспарлағанбыз, бірақ олар өтпейтін болды, бұл, әрине, команданың жағдайына кері әсерін тигізді. Бірақ біз жағдай жақсарады деп сенеміз, өйткені бұл бағытта біздің елімізде және бүкіл әлемде айтарлықтай күш салынуда.
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамы жолдастық матчта да, ресми ойындарда да лайықты өнер көрсетуге тырысады деп сеніммен айта аламын», - деді Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық командалар департаментінің директоры Қайрат Нұрдаулетов.