ПСЖ жолдастық матчтарда қарсыластарын жайпап келеді
Жолдастық матчта «Пари Сен-Жермен» Бельгияның екінші лигасында ойнайтын «Васланд-Беверен» клубын 7:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде Неймар (пенальтиден), Килиан Мбаппе, Лоик Мбе Со және Мауро Икарди гол соқты. Эрик Чупо-Мотинг дубль авторы атанса, Олександр Вукотит өз қақпасына бір гол соғып алды.
13 шілдеде Пари Сен-Жермен жолдастық кездесуде Ле Гаврды 9:0 есебімен жеңген еді.
Естеріңізге сала кетейік, «ПСЖ» мерзімінен бұрын Франция чемпионы атанды.
Клуб қазіргі таңда Чемпиондар лигасына дайындалып жатыр. Ширек финалда париждіктер италиялық «Аталантамен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или