Флорентино Перес әлемнің үздік ойыншысы кім екенін айтты
Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес қазіргі кезде әлемдегі ең мықты футболшысы Кәрім Бензема деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz Soccernews.ru сайтына сілтеме жасап.
«Биыл «Алтын допты» Бензема алуға тиіс. Дәл қазір мен Кәрімнен жақсы ойыншыны көріп тұрған жоқпын», - дейді Перес.
Осы маусымда француз шабуылшысы команда сапында 46 матч өткізіп, 26 гол соққан және 11 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін 32 жастағы Бензема ешқашан «Алтын допқа» үміткерлердің үштігіне кірмеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или