Месси осы маусымда «Барселона» соққан голдардың жартысынан көбіне үлес қосты

Месси осы маусымда «Барселона» соққан голдардың жартысынан көбіне үлес қосты

«Барселона» капитаны Лионель Месси «Осасунамен» (1-2) өткен матчта жалғыз голдың авторы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық футболшы биылғы маусымда 28 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген, яғни 51 әрекеті нәтижелі.

Ал каталониялық клуб 48 ресми ойында 100 гол соққан.

Осылайша, 33 жастағы Месси осы маусымда «Барсаның» голдарының жартысынан көбіне үлес қосты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или