Зидан «Реалмен» Примераны екі рет ұтқан 8 бапкердің қатарына кірді
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан «корольдік клубпен» екінші рет чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Француз 2016/17 жылдар маусымында клубты жеңіске жетелеген еді.
Осылайша Зидан «Реалмен» кем дегенде екі рет чемпион болған сегіз жаттықтырушының қатарына кіріп отыр.
Зинединге дейін мына мамандар «Реалды» чемпиондық атаққа жеткізген: Мигель Муньос (9 рет), Луис Моловни (3), Лео Бенхаккер (3), Хуан Вильялонге (2), Милян Милянич (2), Фабио Капелло (2) және Висенте Дель Боске (2).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или