Зайнутдинов ойнайтын «Ростов» Чемпиондар лигасының жолдамасын иелене алмады
Ресей чемпионатының 29 туры аясында өткен матчта «Ростов» «Рубинмен» тең түсті.
«Ростов» соңғы бес матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Қазір Бактиер Зайнутдинов ойнайтын команданың қоржынында 45 ұпай бар.
Чемпиондар лигасының жолдамасы бұйыратын үшінші орында 49 ұпай жинаған «Краснодар» келе жатыр. «Ростов» чемпионаттың қалған ойынында жеңіске жетсе де ұпай саны жағынан «Краснодарды» қуып жете алмайды.
Осылайша «Ростов» бесінші орынды қанағат тұтып, бағын Еуропа лигасында сынап көреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или