Робертсон: Чемпиондар лигасын «Бавария» жеңіп алады
«Ливерпуль» футбол клубының қорғаушысы Эндрю Робертсон Чемпиондар лигасын биыл қай команда жеңіп алатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.
- Матчтар бейтарап алаңда өтеді, оның үстіне көрермен кірмейді. Мұндай жағдайда кез-келген команданың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.
«Бавария» көктемде «Челсиге» қарсы керемет ойын өткізді. «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының тұрақты фавориті. Бірақ олар алдымен «Манчестер Ситиден» өтуі керек. Бұл оңай жұмыс емес. Менің ойымша, «Манчестер Сити» мен «Ювентустың» да чемпион болатын мүмкіндігі бар. Бірақ нақты бір команданы атау керек болса, «Баварияны» таңдар едім, - дейді Робертсон.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или