Украинада кездесуден кейін бас төрешіні ұрып кетті
Украина Бірінші лигасының 24-туры аясында өткен «Агробизнес» (Волочиск) - «Минай» (Ужгород) матчынан кейін келеңсіз оқиға орын алды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы «Бомбардир» Telegram-арнасы хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, «Минай» 2:0 есебімен жеңген кездесуден кейін төрешілер бөлмесінде матчтың бас қазысы Юрий Ивановты ұрып кеткен.
Ойын барысында Иванов «Агробизнес» ойыншыларына 8 сары қағаз көрсетіп, алаң иелерінің қақпасына пенальти белгілеген.
Айта кетейік, екі команда да Премьер-лига жолдамасы үшін таласып жатыр. «Минай» осы жеңісінен кейін қарсыласынан 1 ұпай озып, турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или