«Ливерпульге» чемпиондықты табыстау 22 шілдеде өтеді
«Ливерпуль» клубы ресми сайтында Юрген Клопп бастаған команданың маусымдағы жеңісіне орай Премьер-Лиганың кубогын көтеру рәсімі қашан және қалай өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 шілдеде Премьер-лиганың 37-турындағы «Челсиге» қарсы матчтан кейін, мерсисайдтықтардың капитаны Джордан Хендерсон чемпионат кубогын басынан жоғары көтеріп, оны команданың қалған ойыншыларына тапсырады. Аталған іс-шара «Коп» трибунасында өтетіні белгілі болды.
Коронавирус пандемиясына байланысты «қызылдардың» жанкүйерлері стадионға кіргізілмейді.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/204253_71b395c3c62cbf6d4972f7a598eea17c.webp" />
</picture>
</picture>Еске сала кетейік, «Ливерпуль» аталған титулды чемпионат аяқталуына 7 тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіп алды. Бұл чемпиондық атақ «Ливерпуль» тарихында 19-чемпиондық атақ саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или