Румыния чемпионатында «Петролул» ойыншылары бірден үш пенальти соға алмады (видео)
Румынияның екінші лигасындағы «Рапид» пен «Петролул» арасындағы матчта ерекше оқиға болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
28-минуттан бастап бір ойыншысы алаңнан қуылған «Рапид» қақпасына 65-ші минутта пенальти белгіленді. 19 жастағы қақпашы Михай Попа соққыны қайтарған, бірақ төреші ойы тәртібін бұзды деп голды есепке алған жоқ, Қақпашы қақпадан ысқырықтан бұрын шығып кеткен. Попа төреші шешіміне наразылық танытқаны үшін <span>«</span>сары қағаз» алды.
Екінші рет <span>11 </span>метрлік айып добын «Петролулдың» басқа футболшысы тепкен, бірақ жағдай тағы қайталанды - Попа қақпаны ертерек шығып кетіп, допты кері қайтарды. Төреші тағы да пенальти белгіледі және қызбалыққа салынған қақпашыны алаңнан қуды. Алаңға қосалқы қақпашы шықты.
Үшінші пенальтиді <span>«</span>Петролул» ойыншысы допты аспанға тепті. Ал матч 0:0 есебімен аяқталды.