«Ертістің» бұрынғы ойыншысы франциялық клубқа ауысты
«Оқжетпес» пен «Ертістің» бұрынғы ойыншысы Серж Бандо франциялық «Мюлуз» командасына ауысты.
32 жастағы камерундық шабуылшы жаңа командасымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
«Мюлуз» футбол клубы келесі маусымда Францияның төртінші дивизионында бақ сынайды.
Айта кетейік, Бандо «Оқжетпесте» 2016 жылы өнер көрсетті. Көкшетаулық команда сапында 28 матчқа қатысып, 9 гол соқты. Ал 2017 жылы «Ертіске» ауысып, алты ай доп тепті. Павлодарлық клуб сапында 14 ойынға қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или