АПЛ: «Челси» «Норвичті» жеңді (бейнешолу)
Англия чемпионатының 36-туры аясында «Челси» өз алаңында «Норвич Ситиді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Стэмфорд Бридж» стадионындағы кездесу толықтай Фрэнк Лэмпард шәкірттерінің басымдылығымен өтті. Әйткенмен алаң қожайындары қарсылас қақпасына бір доп қана дарыта алды. Бірінші тайм аяқталар тұста Оливье Жиру соққан гол «Челсиге» маңызды үш ұпайды сыйлады.
Еншісінде 63 ұпайы бар «Челси» үшінші орынын сақтап қалды. Басты қарсыластары «Манчестер Юнайтед» пен «Лестер Сити» 4 ұпай қалып келеді. Бірақ қос команда да 36-турдағы матчтарын әлі өткізген жоқ.
АПЛ. 36-тур
«Челси» (Лондон) – «Норвич Сити» (Норидж) 1:0 (1:0)
Гол:<span> </span><span>1:0 – </span><span>Жиру (45+3)</span>
<span></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или