«Тоттенхэм» ойыншысы «Баварияға» ауысады
«Бавария» футбол клубы «Тоттенхэм Хотспур» ойыншысы Танги Ндомбелені қатарға қосуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, франциялық жартылай қорғаушы «Тоттенхэм» сапында негізгі құрам ойыншысы атана алмады. Сол үшін ол командадан кетуге қарсы емес.
Ал «Бавария» биыл жазда орталық алаңды күшейтуге ниетті. Бірақ олар Ндомбеле үшін 50-60 млн еуро төлеуге дайын емес. Сол үшін оны алдымен жалға алып, кейін сатып алуды жоспарлап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или