Беларусь чемпионаты: Қазақстандық футболшының командасы 8:1 есебімен жеңіске жетті
Беларуссия чемпионатында 17 турдың матчтары өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев намысын қорғайтын Бресттің «Рухы» Минскінің «Энергетик-БГУ» командасын 8:1 есебімен жеңді.
Васильев негізгі құрамда шықты. Бірақ гол соға алмады.
Турнир кестесінде «Рух» 25 ұпай жинап, жетінші орында, «Энергетик-БГУ» 29 ұпаймен төртінші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или