Қазақстанның жас футболшысы сербиялық командаға ауысты
Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған футболшы Изат Құлжанов Сербияның «Раднички Пирот» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақпаратты агенттік тілшісіне футболшының өзі айтты. Изат қазір Сербияда. Ол бұған дейін «Ертіс» футбол клубында ойнаған.
Еске салсақ, бұған дейін біз Павлодардың «Ertis» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартқаны және клубта қаржылай қиыншылықтар бар екені туралы хабарлаған болатынбыз.
18 жастағы Изат Құлжанов – Ақсу футбол мектебінің түлегі. 2009 жылы белгілі спорт бапкері Манарбек Қасеновтің қол астында жаттығу жасады. Кейін «Ертістің» жастар командасына алынды. Бірнеше рет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылған. 2019 жылы Павлодар клубы сапында 32 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Изат жартылай қорғаушы шебінде доп тебеді.
Изат Құлжановтың жаңа командасы «Раднички Пирот» Сербияның бірінші лигасында ойнайды. Ұжым былтыр лиганы 13-ші орында аяқтаған.