Роналдиньо үйқамақта қала береді

Роналдиньо үйқамақта қала береді

Бразилия ұлттық құрамасының, «Милан» және «Барселона» клубтарының бұрынғы футболшысы Роналдиньо үйқамақта отыра береді, деп хабарлайды Prosports.kz AS басылымына сілтеме жасап.

Сот 40 жастағы бразилиялықтың шағымын қанағаттандырмады.

Еске сала кетелік, Роналдиньо мен оның ағасы Асунсьон әуежайында жалған төлқұжат көрсеткені үшін қамауға алынды. 9 сәуірде Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Муарир Парагвай түрмесінен 1,6 миллион доллар беріп, кепілдікпен босағандары белгілі болды, ағайындылар Асунсьон орталығындағы «Палмарога» қонақ үйінде үйқамақта отыр. Ондағы бөлме бір түнге 80 доллардан 90 долларға дейін тұрады. Роналдиньо жатқан люкс бөлменің құны - бір түнге 380 доллар.

Роналдиньо ойын мансабын 2018 жылы 16 қаңтарда ресми түрде аяқтады. Бразилиялықтардың соңғы клубы «Флуминенсе» болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или