Месси бұрынғы жеке рекордын қайта жаңартты

Месси бұрынғы жеке рекордын қайта жаңартты

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси «Вальядолидке» қарсы ойында нәтижелі пас берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық биылғы маусымда 20 нәтижелі пасымен көзге түсіп қана қоймай, өзінің бұрынғы жеке рекордын да қайта жаңартып, асып түсті.

Сонымен қатар, Месси - Примераның соңғы 11 жылында 20 рет ассистент атанған алғашқы ойыншы.

Opta Sports хабарлағандай, «Барса» экс-ойыншысы Хави 2008/09 маусымда 20 рет нәтижелі пас берген. Алайда Gracenote Sports-тің хабарлауынша, Хави сол маусымда 21 рет ассистент атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или