Неймардың ПСЖ-дағы болашағы қандай

Неймардың ПСЖ-дағы болашағы қандай

 ПСЖ шабуылшысы Неймар, барлық қауесетке қарамастан, париждік клубтан ешқайда кетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Marca жазды. Басылымның мәліметінше, тек Мадридтік «Реал» мен «Барселона» ғана бразилиялық жұлдызды сатып ала алады.

Алайда, корольдік клуб өткен жылы 28 жастағы футболшыға деген қызығушылығын жоғалтты, ал каталониялықтар қаржылық қиындықтарға байланысты оны сатып алудан бас тартты.

Неймар осы маусымда ПСЖ сапында 22 матчта ойнап, 18 гол соқты және 10 нәтижелі  пас берді. Оның париждіктермен келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или