«Манчестер Юнайтед» клубы ерекше рекорд орнатты
«Манчестер Юнайтед» клубы «Астон Вилланы» жеңіп ерекше рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қызыл шайтандар» Премьер-лига тарихында қатарынан 4 матчта кемінде 3 гол айырмашылығымен жеңген алғашқы команда болып отыр .
Бұған дейін ешкім АПЛ тарихында (1992 жылдан бері) бұған қол жеткізе алмаған еді.
«Манчестер Юнайтед» «Астон Вилла» командасын 3:0 есебімен жеңіп, бұған дейін «Шеффилд Юнайтедті» (3:0), «Брайтон» (3:0) және «Борнмутты» да ірі есеппен (5:2) жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или