ЧЛ және ЕЛ қарымта матчтары қайда өтеді?

ЧЛ және ЕЛ қарымта матчтары қайда өтеді?

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының атқарушы комитеті Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 финалының қарымта матчтары жөнінде шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz сайты.

1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңдарында өтеді. Қарымта матчтар 7-8 тамыз күндеріне жоспарланған. 

«Ювентус» — «Лион» (0:1)
«Манчестер Сити» — «Реал» (2:1)
«Бавария» — «Челси» (3:0)
«Барселона» — «Наполи» (1:1)

УЕФА 10 шілде күні Чемпиондар лигасының 1/4 финалдың жеребе тарту рәсімін өткізеді. Биыл Чемпиондар лигасы «сегіздің финалы» форматында аяқталады. Қазір келесі кезеңге өткен 4 команда белгілі. Олар: «Аталанта», «Атлетико», «ПСЖ» мен «РБ Лейпциг».

Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталды. Ширек финалға шығу үшін «Ювентус» – «Лион», «Барселона» – «Наполи», «Манчестер Сити» – «Реал» мен «Бавария» – «Челси» командалары өзара бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или