«Зенит» ойыншылары алтыннан алқа тақты

«Зенит» ойыншылары алтыннан алқа тақты

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы ойыншыларына РПЛ-дің 27-турында «Сочимен» (2: 1) өткен матчтан кейін алтын медаль табыс етілді. Команда өткен  турда Краснодарды жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото Санкт-Петербург клубының Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

«Зенит» Ресей премьер-лигасының 27-турында «Сочиді» қабылдады. Кездесу Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтті және алаң иелерінің жеңісімен (2-1) аяқталды.

«Зенит» осымен алтыншы рет чемпиондық атаққа ие болып отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или