Фонсека қостанайлық «Тобыл» ойыншысы атанды
Португалиялық жартылай қорғаушы Карлос Фонсека қостанайлық «Тобыл» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Fctobol.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай қорғаушы португалиялық «Санта Мария» клубының тәрбиеленушісі, ол өзінің мансабындағы алғашқы екі маусымды сонда өткізді. Сондай-ақ, ол португалиялық «Тирсенсе» және «Фейренси» клубтарында да доп тепті.
2013 жылы Фонсека «Черноморецке» ауысып, артынша софиялық «Славия» сапына кетті.
Фонсека 2015 жылы павлодарлық «Ертіске» келді, осы командамен бірге 2016 маусымда қола жүлдеге ие болды. Карлос «Ертістің» капитаны да болды.
Карлос Фонсека
Туған жылы: 1987 ж. 23 тамыз
Ұзындығы: 179 см
Салмағы: 75 кг
Амплуасы: Жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Португалия
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или