Ресми: Вагнер Лав «Қайратқа» қосылды
Алматының «Қайраты» сапына Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лавтың қосылғанан ресми мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
35 жастағы тәжірибелі ойыншы «Қайратпен» 6 айға келісімшартқа отырды. Бразилиялық футболшы 9 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.
Бірнеше апта бұрын Вагнер Лав бразилиялық «Коринтианспен» келісімшартты бұзып, еркін агент мәртебесіне ие болған еді. Ойыншының Мәскеуге ЦСКА-ға оралғаны туралы ақпарат болды, бірақ ауысу жүзеге аспады.
Вагнер Лав өзінің мансабында «Палмейрас», ЦСКА, «Фламенго», «Шаньдун Лунэн», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» командаларында ойнаған. Бразилия құрамасы үшін ол 20 матч өткізіп, төрт гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или