ВИДЕО. «Милан» «Ювентуске» қарсы матча камбэк жасады

ВИДЕО. «Милан» «Ювентуске» қарсы матча камбэк жасады

Кеше, Италия А сериясының 31-ші туры аясында «Милан» өз алаңында «Ювентусті» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймда есеп ашылмаса, ал екінші таймда командалар 6 гол соқты.

«Ювентус» 53-ші минутта 0:2 есебімен жеңіп тұрғанымен, алаң қожайындар матч соңына дейін көшбасындағы команданың қақпасына жауапсыз төрт доп дарытты. 

Осылайша, «Милан» 5-орынға көтерілді. «Юве» екінші орындағы командадан 7 ұпай арақашықтығын сақтап қалды.

Италия А Сериясы, 31-тур.

«Милан» - «Ювентус» 4:2 (0:0).

Голдар:<span> </span>Рабьо (47), Роналду (53) - Ибрагимович (62, пен), Кесси (66), Леау (67), Ребич (80).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или